RU
"Коттедждері, көліктері бар": Әбдіхалықова әлеуметтік жәрдемақы алатындар жайлы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Коттедждері, көліктері бар": Әбдіхалықова әлеуметтік жәрдемақы алатындар жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында аймақтарда әлеуметтік көмек алу кезінде екі мыңға жуық астыртын әрекеттер тіркелгенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: assembly.kz

Фото: assembly.kz

Әбдіхалықова қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан бірнеше топтар құрылып, олар аймақтарды аралап жатқанын еске салды (әлеуметтік көмектің беріліп жатқанын тексереді - ред.).

"Бірінші тексеру болып қойды. Барлық материалдарды, топ өкілдері түсірген фотоларды біз өткіздік. Кейбіреулердің коттедждері, жақсы көліктері, табыстары бар. Түрлі облыстардан екі мыңға жуық астыртын әрекетті анықтадық. Енді жаппай тексеру болады. Сондықтан, жаңа фактілер табылуы ықтимал. Заң бұзушылыққа барғандарды құқық қорғау органдарына табыстаймыз. Олар әрі қарай жұмыс істейді. Сотқа да беруі мүмкін. Сот тәртібімен іс қаралады", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
10
1
1
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel