Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жататын еркек тауып ал": Күйеуі айықпас дертке шалдыққан әйел ажырасып кетті

Опубликовано:

24 жасында тұрмысқа шығып, күйеуінің жазылмас дертке шалдыққанын білген әйел мұңымен бөлісті. Шымкенттік келіншек жұбайының айықпасын білген соң бірнеше айдан кейін ажырасуға мәжбүр болған деп жазады "Алаш айнасы".

Фото:cubahora.cu
Фото:cubahora.cu: Instagram

Ол ата-анасының үмітін ақтай алмай, үйіне қайтып келгеніне өкінетінін айтады.

"24 жасымда бір жігітпен танысып тұрмысқа шықтым. Ұзатылдым. Беташар, той бəрі болды. Бірақ жігіт маған 10 күн бойы тиіспеді. Ол укол алды. Мен одан тіпті не укол алып жүргенін де сұрамадым, ұялдым. Бірақ он күн өткен соң аяқ асты маған жабысып, зорлап, пəктігімді алды.

Осыдан кейін жақындамады. Бес-алты ай өткен соң жеңешем "неге көтермей жүрсің, емдел, тексеріл" деп қалды. Мен де ана болғым келді. Ақыры жолдасыма айттым. Ол маған "жататын еркекті тауып ал. Менікі тұрмайды. Пəктігіңді алу үшін ғана емделіп, дəрі іштім. Соның өзіне сенің басыңа сыймаған ақша кетті" деді.

Сəл тұрып, өзі еңіреп жылады. Мен де жыладым. Жүр, "дәрігерге көрсетейік" десем, ол "болмайды бəрібір" деді. Қаралып, тексеріліп, емделмейтін ауру екені зерттелген екен", - деді шымкенттік әйел.

Осылайша, ана болуды қатты қалаған әйел отбасылық жағдайларға байланысты ажырасуға мәжбүр болады.

"Өзім университетте мұғаліммін. Жұмысым жақсы, бірақ ауырлау еді. Уақыттың қалай өткенін білмеймін. Түндерім жылаумен өтеді. Ана болғым келеді. Одан басқа да маған өте ауыр тиетін ауыр жағдайлар болды. Мен кетпеуіме болмады. Аяғы анаммен сөйлесіп мен кетуге бел будым. Анамның жылағанына əлі жүрегім ауырады.

Енем "сені дуалап болса да бақытсыз етемін, өш аламын" деді. Жолдасым да бəлені маған жапты. Не керек, мен ата-анама қайтып келдім. Үйде келін, інім , олардың балалары бар. Ата анам да қасымда. Бəрібір мен жалғызбын. Үйге кісі келсе, тығылып отырамын. Қатты ұяламын. Кешке жұмыстан барамын, тамақ жеп бөлмемнен шықпаймын.

Осы күндері жүрегім қатты-қатты соғады. Түсіме енем көп кіретін болды. Əлеуметтік желілердің бəрінен шығып кеттім. Айналамда дос қалмады. Қатты жалғызсырап жүрмін. Бар əңгімем ішімде. Осылай жалғыз қалып кетуден қорқамын. "Неге тұрмысқа шықтым екен оған" деп те өз-өзімді жеп біттім. Жасым 27-ге келді.

Əкемнің "достарының ұлдары ажырасыпты, сонымен кездесіп көр" деп жатыр. Шынымды айтсам, қатты қорқамын. Сол қателік тағы да болатын секілді. Тағы да бір сыныптасым үйленуді ұсынды. Ол сыныптасым да ажырасыпты. Ешкім еріккеннен ажыраспайды ғой. Оны да ойланамын. Өзім Шымкенттің тұрғынымын", - деп әңгімесін аяқтады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806673-zatatyn-erkek-tauyp-al-kjeui-ajykpas-dertke-saldykkan-jel-azyrasyp-ketti/

pixel