RU

Атыраулық ірі компания арыстық 400 балаға мектеп формасын таратты

Осыдан бір ай бұрын жарылыстан зардап шеккен Арысқа көмек көрсетуге арналған "Арыс. Біз біргеміз" акциясы жалғасуда. Күні кеше науқан аясында 16 мектепте білім алатын 400 балаға мектеп формасы таратылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды
Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды: Facebook

Аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасын тарату ісіне "ЕмбіМұнайГаз" компаниясы кірісіпті.

Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды
Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды: Twitter

Нақтырақ айтқанда, компанияның 5000 қызметкері бір күндік жалақыларын Арысқа аударып, 16 мектептің бастауыш сынып оқушыларына мектеп формасы мен сөмке алуға өз үлестерін қосқан екен.

Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды
Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды: Facebook

Атыраулық компания өкілдері қайырымды іспен айналысу үшін алыстан арнайы келіпті.

Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды
Арыста 400 балаға мектеп формасы таратылды: Facebook

Айта кететін жайт, биыл компанияның басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы Жақсыбековтің бастамасымен ембілік мұнайшылар бір күндік жалақыларын жинап, Рамазан айы қарсаңында Атырау облысындағы бірнеше ауданда баспанасыз, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған сегіз отбасыға сегіз баспананың кілтін табыс еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806674-atyraulyk-iri-kompania-arystyk-400-balaga-mektep-formasyn-taratty.html