Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда белгісіз азамат бес жасар қызға балалар алаңында тиіспек болған

Опубликовано:

Ақтауда балалар алаңында ойнап жүрген кішкентай қызға ер азаматтың тиіспек болғанын қасындағы құрбылары әкесіне жеткізген. Күдіктіні полиция қызметкерлері тез арада ұстады деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: UGC

Оқиға 20 шілде күні орын алды.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз ер азамат балалар алаңына келіп, кішкентай қызға тиісе бастаған.

Қалған балалар сол уақытта бес жастағы балдырғанның әкесіне хабарласқан.

Соның нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада ресторанның алдында қолға түсірді.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806799-aktauda-belgisiz-azamat-bes-zasar-kyzga-balalar-alaynda-tiispek-bolgan/

pixel