RU
Алматыда перзентханадағы ана өлімінен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда перзентханадағы ана өлімінен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Алматының №1 перзентханада 27 жастағы келіншектің өлімінен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Еске сала кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары әлеуметтік желіде үш баланың анасы кесарь тілгімен төртінші нәрестесін дүниеге әкелген соң көз жұмғанын жазған болатын.

Қазір осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталған.

"Периниталдық орталықтың қызметкерлері тиісті медициналық көмекті көрсеткен. Бірақ келіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Кешенді тексеру жұмыстары басталды. Комиссия құрамына республикалық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті кірді.Тексеріс қорытындысы полиция департаментіне жеберілетін болады", - дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.

Дереккөз КТК арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel