RU
Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қабылданбады
Жаңалықтар Қоғам

Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қабылданбады

Рассказать Вконтакте

Бүгін 24 шілдеде Семей соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шағымын қарады. Сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Өткен жылы Жәкішевтің колонияда үнемі дәрі ішетіні хабарланған. Алайда бас прокуратура сотталушы ауруханаға жатқызуды қажет етпейтінін атап өткен.

Былтырғы жылы сот Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін де қараған. Алайда оның арызы қанағаттандырылмады.

Оған Жәкішевтің келтірілген шығынның бір де бір тиынын қайтармағаны себеп болған.

"Мұхтар Жәкішев тек процессуалды шығындарды өтеді. Ал келтірілген шығынның жалпы сомасы 99,6 миллиард теңгені құрайды", - деп судья арыздың кері қайтарылу себебін түсіндірген болатын.
Сіздің реакцияңыз
19
2
0
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel