RU
Алматы тауларында қыз-қырқынға қырғидай тиген ер адам ұсталды

Алматы тауларында қыз-қырқынға қырғидай тиген ер адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы тауларында нәзік жандыларға тиіскен азамат ақыры қолға түсті. 37 жастағы ер адам кезекті мәрте туристерге қоқан-лоққы көрсетіп жатқан уақытта ұсталған деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Күдіктіні Бутаковка шатқалында полиция қызметкерлері құрықтады.

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзінше, ер адам тауда өзіне матадан үй соғып алып, соның ішінде тұрған.

"Ол таулы аймақта демалып жүрген адамдарға қоқан-лоқы көрсетіп, пышақ тақау арқылы олардың жеке-мүліктерін қолды қылған", - дейді ол.

Күдіктінің күркесінен ұялы телефондар, алтын сырға мен жүзік, басқа да құнды заттар табылған. Ер адам олар пышақпен қорқытып алғанын мойындаған.

Сондай-ақ оның бірнеше мәрте сотталғаны да белгілі болды.

Телеарнаның атап өтуінше, аса ауыр қылмыстар жасаған оның түрмеден босап шыққан беті осы екен. Белгілі болғандай, тауда тонаушылықпен тіршілік еткен ер адам өзіне қарсылық танытпақ болған туристердің біріне пышақ сұғып алған. Зардап шеккен тұрғын, абырой болғанда, тірі қалған.

"Келген қонақтарға дөрекілік көрсетіп, бағалы заттар мен ақшаларын алып отырған. Енді қала тұрғындары мен қонақтарының ештеңеге алаңдамай келіп, демала беруіне болады", - дейді Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық бағы Медеу филиалы директорының орынбасары Серікжан Сұраншин.

Телеарнаның хабаралауынша, қарақшы жалғыз өзі болмаған. 37 жастағы азаматтың сыбайласын қазір полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Еске сала кетейік, тауда белгісіз ер адамның тиіскенін айтып, алғаш рет Ресейден келген турист қыздар мәлімдеген еді.

Кімасар шатқалында алдарынан шыққан еркек оларды пышақпен қуалап, әбден үрейін алған.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен 20 адам шағымданған. Алайда зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel