Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО тұрғыны әлемде ең улы саналатын өрмекшінің бірін тауып алды (фото)

Опубликовано:

БҚО тұрғыны әлемдегі улы өрмекшілердің ондығына кіретін жәндікті суретке түсіріп алған деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: Facebook

Басылымның редакциясына Анжелика есімді әйел адам хабарласып, Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында улы өрмекшіні қалай өлтіргенін айтып берген.

Оның сөзінше, өрмекші бастапқыда үйдің терезесінде табылған. Жәндік ашық сары түсті болғандықтан, оны анықтау оңай болған.

Дүрбелең Анжелика "егер өрмекші ашық түсті болса, онда улы болуы мүмкін" деген болжамды айтқан кезде басталған.

Осыдан кейін жиналғандардың барлығы жәндікті іздей бастады.

Өрмекшіні тапқан Анжелика мен оның туыстары жәндікті үлкен қиындықпен өлтіріп, бірден суретке түсірген.

Сондай-ақ олар интернеттен бұл өрмекші туралы мәлімет іздестірген. Ол өрмекшінің "сары сак" деп аталатын түрі екенін білген. Анжелика жәндік шашамен 1,5-2 см болатынын жеткізді.

Анжелика өрмекшінің уы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін екенін айтты. Ол сол себепті барлық аудан тұрғындарына ескерту жасаған.

Обаға қарсы оралдық станциясының зоологы Гауһар Өтебаева көрсетілген суреттен өлтірілген фаунаның "сары сак" екенін растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807165-bko-trgyny-lemde-e-uly-sanaltyn-rmeksini-birin-tauyp-aldy-foto/

pixel