Выйти
RU

Ғалымдар Жер бетінде қауіпті паразиттің тарағанын айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ пен Нидерландының ғалымдары климаттың өзгеруінен өмірге қауіп төндіретін, емделмейтін ифекциялық аурудың пайда болғанын мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ecology.md

Көрнекі фото: Ecology.md

Зерттеушілердің айтуынша, паразитте дамыған иммундық жүйесі бар екен және олар адамның қалыпты температурасы жағдайында өмір сүре алмайтын көрінеді.

Алайда жаһандық жылудың, сондай-ақ, климаттағы өзгерістер салдарынан аталмыш паразиттер 37 градус Цельсияда өмір сүретін деңгейге жеткен екен.

Осы паразиттің салдарынан туындаған дертке қазірдің өзінде әлемнің 30-дан астам елінің азаматтары шалдыққан.

Ғалымдар мұндай саңырауқұлақ салдарынан қан айналымы жүйесінің бұзылатындығын, жүрек пен ми жұмысы әлсірейтінін алға тартып отыр. Өкініштісі бұл ауруға шалдыққан адамдардың 30-60 пайызы өлім құшады екен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар Жер бетінде қауіпті паразиттің тарағанын айтып, дабыл қақты