Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полицейлердің қатысуымен болған жанжал видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Алматы облысындағы полицейлердің қатысуымен болған жанжалдың видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі «almaty_dtp_rezerv» парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан алынды
Фото: Видеодан алынды: Facebook

Видеода полиция қызметкерлері қарсылық танытқан ер адамды ұстауға тырысып жатқаны анық байқалады.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz хабарлауынша, оқиға 23 шілде күні Панфилов ауданында болған. 29 жастағы күдікті ұстау барысында полицейлерге қарсылық көрсеткен. Артынша күдікті мен жанжалдың тағы бір қатысушысы қамауға алынған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшысына қатысты күш қолдану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807287-almaty-oblysynda-policejlerdi-katysuymen-bolgan-zanzal-videoga-tsip-kaldy/

pixel