Выйти
RU

TazaАlmaty экологиялық науқан Көкжайлау шатқалында бастау алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы ҚР Премьер-Министр А. Маминің бастамасымен қолға алынған жалпыреспубликалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосып, #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялайды.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.

Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty науқан аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.

Экологиялық науқанға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
TazaАlmaty экологиялық науқан Көкжайлау шатқалында бастау алады