RU
118 бала асырап алған "мейірімді ана" 20 жылға сотталды

118 бала асырап алған "мейірімді ана" 20 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Қытайда 118 баланы асырап алған танымал Ли Янься алдағы 20 жылын колонияда өткізетін болады. Күдікті көп баланы жеке басының пайдасы үшін асырап алған деп айыпталуда деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: cdllife.com

Фото: cdllife.com

Әйел адам бас бостандығынан айырылып, 400 мың доллар айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Уань қалалық халық сотының мәлімдемесінде айтылған.

Соттың шешімі бойынша, әйел адам жаппай жиындарға, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, компания мөрлерінің қолдан жасалуына, бопсалаушылыққа, бопсалауға және алаяқтыққа кінәлі деп танылды.

Ли Янься бес жылға саяси құқықтарынан айырылды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әйел адам мен оның сыбайластары балаларды баю үшін пайдаланған.

1996 жылы ол бірінші жетім қызды асырап алады. Сұхбат кезінде ол "махаббат ауылы" деген атқа ие болған балалар үйінің құрылысы үшін жетімдерді көптеп асырап алғысы келгенін мойындайды.

2018 жылы балалар үйінің төрт жылдан бері тексерістен қашқақтап, заңсыз қызмет етті деген күдікке ілінгені анықталады.

Балалар үйінде қалған 69 бала жергілікті ауруханаларға тексерілу үшін жіберілді. Ал содан кейін олар түрлі әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз
26
15
9
6
9
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel