RU
"Тұлпар-Тальгодағы зорлау ісі": Көлік прокуратурасы апелляцияға берді

"Тұлпар-Тальгодағы зорлау ісі": Көлік прокуратурасы апелляцияға берді

Рассказать Вконтакте

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлау ісіне қатысты Қостанай көлік прокуратурасы сотқа апелляциялық өтініш хат жолдады. Бұл туралы Қазақстанның бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Сергей Миронов/ kstnews.kz

Фото: Сергей Миронов/ kstnews.kz

Хабарламада "Тұлпар-Тальго" пойызында жолаушы зорлады деп айыпталған жолсеріктеріне қатысты сот үкімі Бас көлік прокуратурасымен зерделенгені айтылған.

Нәтижесінде Қостанай көлік прокуратурасымен үкімді өзгерту және сотталғандарға қатысты неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы апелляциялық өтініш хат сотқа енгізілген.

Еске сала кетейік, "Тұлпар-Тальго" пойызында әйел адамды зорлады деп айыпталған күдіктілер 2,5 бас бостандығынан айырылған еді.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонас тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Сондай-ақ, пойызда зорланған әйел адамның сот үкімінен кейін ауруханаға түсіп қалғаны хабарланды. Жәбірленуші ғылым доктары болып шықты.

Айта кетейік, судья айыпталушыларға неліктен мұндай үкім шығарылған түсіндіріп өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel