RU
Ақтөбелік тұрғын жасамаған қылмысы үшін 16 ай түрмеде отырған

Ақтөбелік тұрғын жасамаған қылмысы үшін 16 ай түрмеде отырған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе тұрғыны есірткі ордасын құрды деп айыпталып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда жоғарғы сот істі қайта қарап, оның өзі жасамаған қылмысы үшін жазасын өтеуде деген шешімге келген деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, 50 жастағы Ақтөбе тұрғыны танысын үйіне шақырып, еркін саудада бар өнімдерден наша дайындап, өздеріне екпе салған. Осы уақытта пәтерге полиция кіріп келген. Ер адамға есірткі ордасын құрды деген айып тағылып, аталған қылмыс үшін облыстық сот оны 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.

Алайда бас прокурор істі зерттеп, наразылық білдірген. Бақылау органы ер адам өзіне тағылған айып бойынша ештеңе жасамаған деген қорытындыға келген.

Ол пәтеріне нашақорларды шақырып, арнайы үй-жайды ұстамаған, тіпті, есірткі қолдану үшін үйіне жөндеу жұмыстарын да жасамаған.

Яғни, есірткі ордасын құратындай ештеңе жасамаған. Ол тек танысын үйіне шақырған. Бірге есірткі дайындап, бірге қолданған. Бұл тек бір рет болған.

Жоғарғы сот алқасы бас прокурормен келісіп, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Айыпталушы қаулы жарияланғаннан кейін бірден бостандыққа жіберілді. Ол кезде ақтөбелік тұрғын өзі жасамаған қылмысы үшін түрмеде 16 ай отырған. Мұның бәрі - тергеу жұмыстарының қателігінен орын алған.

Жоғарғы сот ер адамның енді "қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекеті" нәтижесінде келтірілген моральдық залалды өтеп беруін және сауықтандыруды талап етуге құқы бар екенін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel