RU
"Құрбаны болдым": Күйеуімнен зәбір көрдім деген әншінің күйеуі өз нұсқасын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Құрбаны болдым": Күйеуімнен зәбір көрдім деген әншінің күйеуі өз нұсқасын айтты

Рассказать Вконтакте

Кеше әнші Ксения Ашығалиева өзін күйеуі ұрып тастады деп хабарлаған еді. Бүгін әншінің жолдасы оқиғаға қатысты өз пікірін ортаға салды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/ Бауржан Ашигалиев, facebook.com/NeMolchiKZ

Фото: facebook.com/ Бауржан Ашигалиев, facebook.com/NeMolchiKZ

Оның айтуынша, Ксения денесіндегі жарақаттарды өзі жасаған. Қазір ерлі-зайыптылар ажырасып жатыр.

Сол себепті, олардың арасында балаларды қамқорға алу жөнінде келіспеушіліктер орын алып жатқан көрінеді. Бұған қоса, оның сөзінше Ксения күйеуіне балалармен көрісіп тұруға рұқсат бермейді екен.

Ашығалиев әйелін жертөлеге апармағанын, оған тіпті қол ұшын тигізбегенін, келіншектің айтқанының бәрі жала екенін алға тартып отыр. Оның сөзінше, әнші күйеуінің қолы мен мойнын тырнап та алған екен.

" Қазір мен бұл жағдайдың құрбаны болып отырмын. Осы шудың астында қалғым келіп отырған жоқ. Ол менен кетіп, ажырасуға шағым түсіргенде, менен екі баламды тығып ұстады", - дейді ол.

Ол балаларын жақсы көретінін және оларға екі жақта қамқорлыққа қол жеткізетінін мәлімдеп отыр.

Ашығалиевтің айтуынша, ол сол күні досымен ата-анасының үйіне бара жатыпты. Сол кезде әйелін кездестіргенін, балалары жайлы сөз қозғағанда ол әңгімеден қашып, асфальтке құлап түскенін мәлімдеген.

Азаматтың сөзінше, ол әйеліне демеу көрсетіп, полиция шақыртқан. Айтуынша, Ксенияда фото, видеодағыдай жара болмаған екен. Ол әйелінің жаласымен келіспей, оған қарсы полицияға шағымданған.

Айта кетейік бұған дейін Ксения Ашығалиева оны күйеуі алып қашып, өлтірмек болғанын айтқан еді. Бұл туралы ақпарат Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қорының парақшасында пайда болған-ды.

Сіздің реакцияңыз
0
5
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel