RU
Флешмоб жалғасуда: Шымкентте босанушы келіншек дәрігермен бірге "Қамажай" биледі

Флешмоб жалғасуда: Шымкентте босанушы келіншек дәрігермен бірге "Қамажай" биледі

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкенттегі қалалық перинаталдық орталықтың дәрігері мен босанушы әйел би билеп, желіні шулатқан болатын. Осы видео босанушылар арасында флешмобқа айналып, тағы бір келіншек босанар алдында "Қамажай" биледі деп жазады otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ақерке күні кеше босану залында би билесе, бүгін қызы Айбибіні қолына ұстап отыр. Жас ана бидің жеңіл босануға көмектескеніне сенімді.

"Мен әлеуметтік желіден келіншектің босанар алдында билегенін көрдім. Өзімнің де солай істегім келді. Осы жеңіл толғағым менің өмір бойы есімде қалады", - деп күлді Ақерке.

Айта кетейік, толғақ кезіндегі би Шымкенттегі перинаталдық орталықтағы алғашқы тәжірибе емес. Бұл бұрыннан келе жатқанымен, босанушылардың билері әлеуметтік желіге жарияланбаған.

"Босану кезінде серіктес адам кірсе болады. Алайда, ол адамдардың барлығы әйелге психологиялық көмек беруге дайын болмайды. Көбінде әйелдер биге дайын болмайды. Алайда біз айтқаннан соң келіседі. Би жүкті әйелдердің көңілін көтеріп, толғағын жеңілдетеді", - дейді Шымкенттегі перинаталдық орталықтың психологы Айгүл Тәкенова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде шымкенттік дәрігер мен босанушы әйелдің биі тарап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel