RU
Саясаткер: Әбдірахымовтың мансабы аяқталды деуге әлі ерте
Жаңалықтар Саясат және экономика

Саясаткер: Әбдірахымовтың мансабы аяқталды деуге әлі ерте

Рассказать Вконтакте

Саясаткер Данияр Әшімбаев Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кетуіне не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: @gabidullaabdrakhimov

Фото: @gabidullaabdrakhimov

Сарапшының сөзінше, Әбдірахымов қоғам назарына жиі ілігіп отырған, ал БАҚ оның абайсызда айтқан мәлімдемелерін жазған. Экс-әкімнің Лондоннан жолдаған видеосын еске түсірген саясаткер оның жариялылық реңкіне ие болғанын айтады.

Әшімбаев "соңғы оқиғалар аясында Әбдірахымов аздап ұятқа қалды" деп есептейді.

"Оның әңгімелері биліктің беделіне кері әсер етті. Осының бәрі оның орнынан кетуіне себеп болды деп ойлаймын", - деді маман.

Бірақ сарапшы оның саяси мансабы аяқталмағанына сенімді.

"Оның мансабы аяқталды деуге әлі ерте. Ол бірнеше рет көтерілген, сондықтан мен оны жазаланды деп айта алмаймын", - дейді ол.

Еске салайық, кеше 30 шілде күні Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімі қызметінен кеткен болатын. Мегаполистің жаңа басшысы қызметіне Ерлан Айтаханов келді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel