RU

"Заречный түрмесіндегі шу": Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. Ішкі істер министрлігіне ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде түрме қызметкерлерінің сотталушыларды азаптап жатқаны түсірілген видео тараған.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі жедел түрде арнайы комиссия құрып, Заречный ауылында орналасқан ЛА 155-те 2 мекемесін тексерген.

Ведомство кеңесшісі, ресми өкіл Нұрділдә Ораз тәртіптік комиссия нәтижесі бойынша 14 адам түрлі жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808472-zarecnyj-trmesindegi-su-tokaev-bas-prokurorga-tapsyrma-berdi.html