RU
ҚТЖ: Қазіргі таңда пойызбен жүру бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз
Жаңалықтар Қоғам

ҚТЖ: Қазіргі таңда пойызбен жүру бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз

Рассказать Вконтакте

ҚТЖ басқарма басшысының орынбасары Қанат Әлмағамбетов әйелдер үшін пойызбен қатынау қаншалықты қауіпсіз екенін айтты. Ол жақында қоғамда шу тудырған жолаушы қыздың зорлану оқиғасына қатысты қойылған сұраққа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен брифинг барысында жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Astana FM

Фото: Astana FM

ҚТЖ өкілдері қоғамда шу тудырған оқиға теміржолдағы тексерісті одан бетер қатаңдатуға түрткі болғанын айтты. Алайда, олар тасымалдау саласының жағдайы тым нашар деуге келмейтінін жеткізді.

"Мен бәрі 100% бақылауда депе айта алмаймын. Бізде бес мыңнан астам жолсерік бар. Мен олардың әрқайсысы өз міндетін 100%-ға орындап, жұмысын дұрыс атқарып жүр деп кепілдік бере алмаймын.
Бірақ, бізге жолсеріктердің жұмысы жөнінде өте көп оң пікірлер келіп түскен. Алайда, бұл туралы біз айтпайды да, жария етпейді де екенбіз. Алғыс алдың ба? Жарайсың. Тағы алғыс білдірсе, ол да жақсы. Біз осылай есептейміз. Бұл олардың жұмысы. Алайда, бір оқиғадан кейін, теміржолмен қатынамаңдар деп айту, меніңше, қате" , - дейді ол.

Әлмағамбетов қазіргі таңда пойызбен жүру бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз екенін алға тартты. Теміржолда полицейлер, көліктік прокуратура мен ҚТЖ өкілдері өте жиі тексеріс жүргізіп тұрады.

"Қазір барлығы пойыздарды тексеруге жұмылдырылды. Бізде күнделікті мониторинг жүргізіліп тұрады. Қанша тексеріс болғаны, билетсіз жүрген жолаушылар саны, жолсеріктер жұмысындағы заң мен тәртіп бұзушылықтар және т.б" , - деді ҚТЖ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Әлмағамбетов пойызда жолаушы қызды зорлап, екі жарым жылға сотталған жолсеріктерге қатысты пікір білдіріп, ҚТЖ атынан кешірім сұраған.

Сонымен қатар ол зорланған жолаушыға ақшалай өтемақыны кім төлейтіні жайлы сұраққа жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel