Выйти
RU

Алматылық әнші өзіне шамамен зәбір көрсетілген жерді көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күйеуінен қорлық көрдім деп шағымданған алматылық әнші Ксения Ашығалиева Instagram парақшасында шамамен өзіне зәбір көрсетілген үйдің жертөлесінің суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ксения Ашығалиеваның Instagram парақшасынан алынды. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Фото: Ксения Ашығалиеваның Instagram парақшасынан алынды. Коллаж KAZ.NUR.KZ

"Желтоқсан, 129 көшесіндегі үшіншің подъездің жертөлесі", - деп сурет астына жазба қалдырған ол.

Суретте үй мен оның жертөлесі көрсетілген. Ксения Ашығалиеваның сөзінше, сол жертөледе күйеуі оны ұрған көрінеді.

Айта кетейік бұған дейін әнші денесіндегі соққыдан алған жарақаттарды көрсетіп, күйеуінің өзін ұрлап әкетіп, өлтірмек болғанын хабарлаған еді.

Кейін ер адамның өзі де аталған мәселеге қатысты пікір білдірген еді. Ол әйелі жапқан жаланың бәрі жалған деп, керісінше өзі оқиғаның құрбаны болғанын мәлімдеген.

Оның сөзінше Ксения денесіндегі жарақаттарды өзі жасап алған. Ерлі-зайыптылар ажыраспақ, сол себепті олардың арасында балаларды қамқорлыққа алуға қатысты келіспеушікліктер туындаған екен.

Ал 31 шілдеде ар адамның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Оның үстінен "Адам бостандығын заңсыз айыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық әнші өзіне шамамен зәбір көрсетілген жерді көрсетті (фото)