RU
Солтүстікке көшкен көпбалалы ана: Біздің отбасы құдды бір ертегіге тап болғандай

Солтүстікке көшкен көпбалалы ана: Біздің отбасы құдды бір ертегіге тап болғандай

Рассказать Вконтакте

БҰҰ зерттеуі бойынша 2050 жылға қарай әлемдегі жұмыс істейтін халықтың саны жұмыссыздар деңгейінен аса қоймайды. Жекелеген аймақтардағы мұндай проблеманы шешуге тек мемлекет ішіндегі еңбек ұтқырлығы мүкіндік береді.

Фото: unsplash.com

Фото: unsplash.com

Жұмысшыларды жаңа жұмыс орындарына көшіру процесі адамдардың күнделікті өміріне және еңбек нарығының қалыптасуына орасан зор ықпал етеді. Еңбек ресурстары ұтқырлығының белсенділігі, мысалға, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің жағымсыз ықпалын қысқартуға серпін береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу тетігі қолға алынды. Аталған тетік азаматтарды жұмыспен қамтуға және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Мұндай облыстар қатарына Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары кіреді. Сонымен бірге, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары да халық тығыз қоныстанған аймақ ретінде ерекшеленіп отыр. Айта кетсек, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшуге ниеттенген мамандарға мемлекеттік қолдау және көшуге көмек көрсетіледі.

Фото: unsplash.com

Фото: unsplash.com

Көшу кезінде жұмысшы мен оның отбасы мүшелеріне 88 мың теңге (35 МРП) көлемінде бірреттік төлем беріледі. Яғни, 3 адамнан құралған отбасы мемлекеттен 260 мың теңге ала алады. Бұған қоса, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін 12 ай бойы ай сайын бюджеттен 37-75 мың теңге аралығында ақша бөлінеді.

Бағдарламаға қатысушы Гүлнара Тржанованың айтуынша, оның отбасы еңбек ұтқырлығы бойынша бағдарламаның жүзеге асып жатқанын біле сала, оған қатысуға бел буған.

"Бәрінің егжей-тегжейін анықтап, көшуге шешім қабылдадық. Сол кезде біз Нұр-Сұлтан қаласында тұрдық, төрт баламыз бар. Ұзақ уақыт бойы жалдамалы пәтер жағалап келдік, тапқан-таянғанымыз отбасымызды қамтуға кететін. Сол себептен, мемлекеттік қызметте жұмыс істесек те, пәтер сатып алуға қажетті соманы жинай алмадық.

Дегенмен, көшу бізге қиынға соқпады. Екібастұзға келіп, жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтерге ие болдық. Бұл үй кең әрі сәулетті салыныпты. Бұрынғы үйімізбен салыстыруға да келмейді.

Мектеп, балабақша бәрі жақын орналасқан. Мемлекет біздің жұмысымыз бен өміріміз үшін барынша қолайлы жағдай жасап берді.

Менің жолдасым "Өнер" мәдениет үйінде мамандығы бойынша қызмет етеді, әріптестеріне де, ондағы жағдайға да көңілі толады. Жұмыс орны үйімізге жақын, сондықтан ол көп уақытын отбасымен бірге өткізеді.

Біз ешқандай теріс жайтты байқамадық, құдды бір ертегіге тап болғандаймыз!", – деп түйіндеді бағдарлама қатысушысы.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel