RU
Елімізде қолдан жасалған 5 мың теңгелік ақшалар көбейіп кеткен

Елімізде қолдан жасалған 5 мың теңгелік ақшалар көбейіп кеткен

Рассказать Вконтакте

Елімізде наурыз айынан бері алаяқтардың қолынан шыққан 187 дана 5000 теңгелік банкнота анықталды. Одан бөлек 662 өзге номиналдағы купюралар әшкереленді деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Күдіктенген тұрғындар қағаз ақшаны ұлттық банк қызметкерлеріне өздері апарып, тексеруге өткізген.

Жалған банкноталар компьютерлік техниканың көмегімен жасалған. Бетінде геометриялық мүсіндер түріндегі сутамғы белгілері бар. Мұқият зер салса, "Самұрық" құсы бейнесіндегі сутамғы белгінің имитациясын байқауға болады.

Қолдан жасалған ақшаны ультракүлгін жарықпен қарағанда көгілдір түсі көрінбейді. Өйткені, алаяқтар түрлі-түсті талшықтарды қолдан бояйды екен. Сондай-ақ жалған ақшаның түсі түпнұсқаға қарағанда көмескіленіп тұратын көрінеді.

"Жасанды ақшаны түпнұсқадан ажыратуға көмектесетін оңай тәсіл бар.  Банкнотаның қағазы ерекше сықырлайды. Ақшада бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедер банкнотадағы "Қазақ елі" ескерткішінде анық көрініп тұруы тиіс. Қазақстан картасы және "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген жазу салынған жерден байқауға болады. Банкнотаның түсі анық әрі контрастты болуға тиіс", - деді Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы департаментінің сарапшысы Асхат Әбішов.
Сіздің реакцияңыз
2
4
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel