Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда ер адам өзін шаққан жыланды тістеп өлтірді

Опубликовано:

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының тұрғыны өзін шаққан жыланды тістеп алды. Бұл туралы International Business Times сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Басылымның жазуынша, Радж Кумар есімді тұрғын ішімдік ішіп отырған сәтте, үйіне бауырымен жорғалаушы кіріп кеткен.

"Жылан оны шағып алған. Оған жауап ретінде Радж да оны тістеп, бөлшектеп тастаған", - дейді зардап шегушінің әкесі Бабу Рам.

Ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, шаққан жылан улы болмаған. Оның жағдайы неліктен күрт нашарлағандығы әлі анықталмады.

"Оқиға сөзсіз біртүрлі. Мен жылан шағып алған адамдарды көрдім, бірақ жыланды өзі тістеп, сосын оны сөмкеге салып алып келу, бұл бірінші рет" , - дейді Кумардың емдеуші дәрігері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808682-ndistanda-er-adam-zin-sakkan-zylandy-tistep-ltirdi/

pixel