RU
"Не сұмдық": Айқын Алакөлге лас су ағызғандарды қатаң сынға алды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Не сұмдық": Айқын Алакөлге лас су ағызғандарды қатаң сынға алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әнші Айқын әйгілі Алакөлді ластап жатқан тұрғындарды сынға алды. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында көлге лас судың ағып жатқан видеосын жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Әншінің желіге салған видеосынан Алакөлге құбыр арқылы лас судың ағып жатқанын анық көруге болады.

"Алакөлге шомылуға барғанда түкіруге батпайсың. Мынау не сұмдық? Өздерін асырап жатқан көлді қалай ластайды??? Септик деген қайда? Мен сол жерде болсам, бітеп қояр едім", - деген жазба қалдырған ол.

Бұны көрген желі қолданушылары, бейнежазбаға жарыса пікір қалдырып, табиғатты ластаушыларға шара қолдану қажеттігін жазған.

"Көлге обал болған екен", "Экологтар қайда қарап отыр?", "Табиғатты ластаушыларды жазалау керек", "Алакөл ең таза көл еді, мынадан кейін ластанатын болды" деген пікірлерін жаудырды желідегілер.

Ал Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, көлге ағызылған кәріз суы емес байссейн суы болып шыққан.

Ведомство бұл үшін "Көктем гранд" қонақ үйіне айыппұл салынатынын атап өтті.

Сонымен қатар облыс билігі мұндай әрекеттер алдағы уақытта қайталанбас үшін, тиісті шаралар қолға алынатындығын да мәлім еткен.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel