RU
Қымбат көліктерге шектеу салынған соң министрлер қандай көлікпен жүреді?

Қымбат көліктерге шектеу салынған соң министрлер қандай көлікпен жүреді?

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында мемлекеттік органдар үшін шетел көліктерін сатып алуды шектеу отандық автоөнеркәсіп саласына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министр орынбасарының сөзінше, қаулы өткен аптада қабылданған.

Ол құжаттағы тізімге автомобиль, трансформатор, кабель кіргенін атап өтті.

"Қаулы аясында екі жыл бойы мемлекеттік сатып алулар бойынша тек отандық өнімдер алынуы қажет", - деді Ержанов.

Вице-министр аталған шара осы салада жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың дамуына ықпал ететінін жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кабель өнімін шығару 80 пайызға өсті.

Ержанов Қарағанды, Павлодар, Атыраудағы кәсіпорындар талшықты-оптикалық кабель жүргізуге қажетті өнімді шығара алатынын айтты.

"Бұл өнімді "Қазақтелеком" компаниясы пайдаланып жатыр. Ал осыған дейін импорттық өнімдер және трансформаторлар, автомобильдер шетелден сатып алынып келді", - деді вице-министр.

Ведомство өкілі қазіргі уақытта неміс көлігімен жүрген мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде министрлер қандай отандық өнімді пайдаланатынын да жеткізді.

Ержанов елімізде Ravon, KIA, SsangYong көліктері құрастырылатынын атап өтті.

Оның сөзінше, екі жылдық тыйым кезінде мемлекеттік қызметкерлер осы моделдерді сатып алады.

"Министрлер Mercedes-пен жүреді деп мысқылдауға болмайды. Ол "Мерседестер" бұрын сатып алынған, оларға 10-15 жыл болған", - деді министрдің орынбасары.

Ержанов шетелден көлік алып келуді шектеу еліміздің көлік нарығындағы бағаларына әсер етпейтінін айтты.

"Көліктің бағасы арзандамайды. Себебі, кез келген өнімді шығару кезінде шығын болады. Мысалы, бөлшектер, шикізаттардың өз бағасы бар. Өнімнің бағасы шығынның есебінен құралады", - деп түсіндірді ол.

Вице-министр баға өндіріс елімізде болғанда төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл үшін 3-5 жыл уақыт керектігін де жеткізді.

"Оның өзінде бұл қаржыландыру көзіне және мемлекеттің өндіріске қандай жағдай жасайтынына байланысты", - деп түйіндеді вице-министр.
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel