RU
Алматы облысында жер үшін пара алған әкім алты жылға сотталды

Алматы облысында жер үшін пара алған әкім алты жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі сотталды. Ол жер телімдерін беру кезінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы департаментінде қылмыстық істің мән-жайын айтып берді.

Ведомствоның мәліметінше, әкім Күзембаев Іле ауданының аумағында орналасқан төрт жер телімін бергені үшін жалпы алғанда 3,6 млн теңге алған.

Шенеунік кінәлі болып танылды. 31 шілде күні аудандық сот оған қатысты үкім шығарып, бұрынғы әкімді алты жылға бас бостандығынан айырды. Күзембаев өз жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізетін болады.

Оған қоса, ол өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel