RU
Канело чемпиондық атағынан айырылып қалды

Канело чемпиондық атағынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды деп хабарлайды Sports.kz. сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akboxing.ru

Фото: akboxing.ru

Чемпиондық атағын қорғау үшін "Канелоға" міндеттелген боксшы Сергей Деревянченконың өкілдерімен Golden Boy Promotion тарапы келіссөзге келе алмаған.

Бұл туралы The Athletic-тің инсайдері Майк Коппинджер өзінің twitter парақшасында хабарлаған.

"Ақпарат көздері "Канело" мен Деревянченконың арасындағы келіссөздер ресми тоқтағанын айтты. Альварес сағат күндізгі үштен бері IBF белбеуінен айырылды. Дедлайн мерзімі бітті. Екі тарап ақша туралы келісімге келе алмаған", - деп жазды ол.

Енді IBF Деревянченко мен рейтингі жоғары Головкин арасында жекпе-жек ұйымдастырады деп күтілуде. Дереккөздерге сүйенсек, олардың келіссөздері жақсы өтеді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel