RU
"Ұрыстық": Асылхан Төлепов сүйіктісіне үйленуге қалай ұсыныс жасаған?

"Ұрыстық": Асылхан Төлепов сүйіктісіне үйленуге қалай ұсыныс жасаған?

Рассказать Вконтакте

Асылхан Төлеповтың сүйіктісіне үйленуге қалай және қашан ұсыныс жасағаны белгілі болды. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын актердің ғашығы өміріндегі бақытты күні қалай өткенін өзі баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсұлу Нарымбекқызы сүйіктісі үйленуге ұсынысты оның туған күн кешінде 16 наурызда жасағанын айтты. Алайда, ол күні Төлепов өмірлік жар етпек болған арумен ұрысып қалып, оны жылатып қойған.

Бұл жөнінде актердің жары өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"16.03.2017 - менің туған күнім. Ең жақын адамдардың арасында атап өтуді ұйғардық. Менде өте қызу жұмыс күні болды. Тіпті, туған күнімді де жұмыста қарсы алдым. Біз ол күні сүйіктіммен ұрысып қалдық. Мен жылап қалсам да, туған күн кешімнен қалмаймын деп шештім. Мейрамханаға келдік. Дастархан үстінде дәм татып, тілектер айтыла бастады. Ыстық тамақ әкелген соң, барлығы түрлі сылтау айтып, сыртқа шыға бастады.

Іште Гүлназ екеуміз ғана қалдық. Маған тіпті жақсы, елдің көзінше тамақ жеуге ұялатынмын. Сол себепті, бәрінің шығып кеткенін оңтайлы пайдаланбақ болдым. Гүлназ телефонына қарап отырып алды, мен болса стейк жеп жаттым. Сол кезде Гүлназ маған "сыртқа шығайық, қазір Аян рояльда ойнайды" деді. Бастапқыда көнбей, ақыры шықтық.

Бірінші болып мен шықтым. Гүл шоғын ұстап тұрған Бауыр ағаны көріп, таңғалып қалдым. "Не болып жатыр өзі?" деген ой келді. Сосын уайымдап тұрған Асылханды көрдім. Ең қызығы, ол менен "маған тұрмысқа шығасың ба" деп өзі сұраған жоқ. Оның орнына бұл сұрақты Алимуша қойды. Мен келістім. Сақина дәл келді. Бұл іс-әрекеттер Аянның орындауындағы ерекше әуені кезінде болды" , - деді Асылханның әйелі.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel