RU
Алматыда әнші әйелін соққыға жықты деп айыпталған азамат екі айға қамауға алынды

Алматыда әнші әйелін соққыға жықты деп айыпталған азамат екі айға қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Алматылық әнші Ксения Әшірғалиеваның жұбайы Бауыржан Әшірғалиев сот үкімімен екі айға қамауға алынды. Келіншек күйеуін өзіне зәбір көрсетті айыптаған болатын деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Әшірғалиев екі айға қамалды

Бауыржан Әшірғалиев екі айға қамалды

Алматылық ауданаралық соттың санкциясы бойынша Бауыржан Әшірғалиев екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар ол кепілдікпен шығу құқығынан да айырылған.

Ол "бас бостандығынан заңсыз айыру" және "тікелей ниетпен жасалған қылмысқа оқталу" деген бірнеше баппен айыпталуда.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық әнші Ксения Әшірғалиева жұбайы Бауыржан Әшірғалиевтың оны алып қашып, өлтірмек болғаны туралы хабарлаған еді.

Алайда Ксенияның күйеуі өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, өзінің құрбан болғанын айтқан.

Дегенмен кейіннен полиция ер адамды қамауға алды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel