RU

Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Алматы облысында адам өлімі тіркелген жол көлік апаты болды деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Ақпаратты Полиция департаменті ресми түрде растады.

Мекеменің мәліметінше, Жол апаты Алматы-Өскемен автожолының 151-шақырымында болған.

"Mazda" және "Howo" көліктерінің соқтығысқаны белгілі болды. Екі адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқан.

Жол апаты дерегі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қажетті сараптама тағайындалған.

Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809421-almaty-oblysynda-zol-apatynan-bir-adam-kajtys-boldy.html