RU
"Сүре қоссам, кетеді": Пәтерінде елестер жүретінін айтқан әйел елден кеңес сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Сүре қоссам, кетеді": Пәтерінде елестер жүретінін айтқан әйел елден кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

Екі баланың анасы тұрып жатқан пәтерлерінде елестерге ұқсас әлдененің бар екенін сөз етті. Оның айтуынша, ол үнемі біресе ақ, біресе қара түсті көлеңкенің ұшып жүргенін байқаған. Бұл туралы келіншек Instagram-дағы astana__forum парақшасына жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншек өз пәтерінде әлдебіреулердің көлеңкесін көретінін айтты.

Оның сөзінше, олар үйдің ішінде ұшып жүреді екен. Бір қызығы, ол елестерді тіпті әйел адамның балалары да көреді екен.

"Жуырда дәлізден қара көлеңкенің өтіп кеткенін байқадым. Оны үйдегілердің біреуі шығар деп ойладым. Кейінірек кішкентай баланы көрдім. Ол да менің балам болар деп мән бермегенмін. Сөйтсем, ол басқа біреу болып шықты. Енді міне күні кеше аппақ бірдеңенің жанымнан ұшып өткенін байқадым", - дейді ол.

Әйел адамның айтуынша, оның ұлы мен қызы үйде жалғыз қалуға қорқады екен. Себебі олар да жылжып жүрген ақ-қара көлеңкелерді көріп, сезеді.

Келіншек сүрелерді қосқан кезде мұндай елестердің жоғалатынын да сөз етті. Десе де оқырмандардан олардан қашып құтылудың жолын сұрады.

"Мұндай елестерге үйреніп кеткеннен бұл жолы назар аудармадым. Алайда 8 жасар ұлым мен 6 жасар қызым үйде жалғыз қалуға қорқатындарын айтты. Олар да мен көргеннің бәрін көріп жүреді екен. Сүрелерді қоссам, бәрі дұрыс. Тек балаларым қорқып жүр. Мұндай жағдайда не істеуге болады?", - деп кеңес сұрады ол.
Сіздің реакцияңыз
2
7
12
2
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel