Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жастағы қазақ жігіті "Әлем мистері" байқауында бақ сынамақшы

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандық Әділбек Нұрақаев Филиппиннің астанасы Манилада өтетін "Әлем мистері" байқауының финалында өнер көрсетеді. Бұл туралы Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әділбек өзінің жақында берген сұхбатында әлемге Қазақстанда модельдік бизнестің жақсы дамығанын көрсетуді көздейтінін айтқан.

Жас жігіт "Әлем мистері 2019" - бұл тек сұлулық байқауы емес дейді.

21 жастағы қазақстандық жігіттің сөзінше, сыртқы келбетпен қатар, физикалық дайындығы, дарыны мен қабілеті де сынға түседі. Әділбек өзін барлық нұсқаға сай келемін деп есептейді.

Ол байқау кезінде әділ қазыларды гитарада ойнап тәнті етпек. Ал, нақты қандай әнді орындайтынын ашып айтпады.

"Мен "Топ-10" кіремін деп есептеймін", - деді Нұрақаев өз сұхбатында.

Белгілі болғандай, Әділбек Манилада 6-24 тамыз аралығында болады. Оған әлемнің 80 елінен келген қатысушы бәсекелес болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан соңғы 10 жылда "Әлем мистері" байқауына бірінші рет қатысып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809441-21-zastagy-kazak-zigiti-lem-misteri-2019-bajkauynda-bak-synamaksy/

pixel