RU
Алматы облысындағы өрттен үш адам қаза тапты (фото, видео)

Алматы облысындағы өрттен үш адам қаза тапты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

5-тамызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Талдын ауылдық округінің таулы аймағындағы өртті сөндіру барысында үш адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Олардың бірі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, ал екеуі жергілікті тұрғын.Олар өз күштерімен өртті сөндірмек болған.

Бұдан бөлек, жеті адамды ауырлықтары әртүрлі деңгейдегі күйік шалып, оның біреуі аяғын сындырып алған.

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Зардап шеккендерді тікұшақпен Лесновка ауылына жеткізіп, ары қарай Жаркент қаласының ОАА алып барды.

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Таулы аймақтағы өртті өндіру қиын болғандықтан, МИ-8 тікұшағы тартылған.

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ баспаөз қызметі

Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Қосымша күштер мен өртті оқшаулайтын құралдар тартылған. Сонымен қатар, "Қазавиақұтқару" тікұшағы да шақырылды.

Оқиға қатаң бақылауда.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбастарына көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel