RU
Түркістан облысында туған күннен қайтқан әпкесі мен інісін белгісіз біреулер ұрып кеткен

Түркістан облысында туған күннен қайтқан әпкесі мен інісін белгісіз біреулер ұрып кеткен

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Шардара ауданында туған күнін атап өткен бойжеткенді інісімен қосып белгісіз біреулер соққыға жыққан деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Басылымының мәліметінше, бойжеткен тас жол бойында орналасқан мейрамханалардың бірінде жақындарымен бірге туған күнін атап өткен. Көңілді отырыстан қайтып бара жатқан әпкесі мен інісі үйлеріне жаяу қайтуды шешеді.

Алайда жол жөнекей белгісіз біреулер көлікпен тоқтап, бойжеткеннің інісіне тиіскен. Онымен қоймай, арудың өзін де соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кетіпті.

Жеті түнде бәз біреулердің шабуылынан жарақат алған бауырлар Шардара аудандық полиция бөліміне шағымданған.

Тәртіп сақшылары бір сағаттың ішінде бұзақыларды тауып, қамауға алды.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 293-бабымен "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Оқиға орнына жедел жеткен аудандық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады. Қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында жедел іске кіріскен полицейлер жәбірленушілер көрсеткен көліктің нөмірі арқылы қылмысқа күдіктілерді 1 сағат аралығында іздеп-тауып, ұстайды.
Полицейлердің анықтауынша бұзақылық жасаған жігіттер көрші ауылдың тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel