RU
Қызға айналып түрмеден қашпақ болған ер адам өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қызға айналып түрмеден қашпақ болған ер адам өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Бразилияда қыздың кейпіне еніп, түрмеден қашпақ болған тұтқынның өлі денесі табылды деп хабарлайды Ren.tv-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: globo.com

Фото: globo.com

Рио-де-Жанейро түрмесінің әкімшілігі мәлімдегендей, жаза өтеуші өз камерасында асылып өлген. Оның өліміне байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ басшысы – 42 жастағы Клаувино да Сильва 73 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Еске сала кетейік, жақында оны түрме күзетшілері 19 жастағы қызының кейпіне еніп қашпақ болған жерінен ұстаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel