RU
Индира Расылхан оқырмандарынан өзіне дұға жасауын сұрады

Индира Расылхан оқырмандарынан өзіне дұға жасауын сұрады

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Индира Расылхан ота жасататынын айтып, көпшіліктен тілекші болуды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең жүз есе өзіңе қайтарылады!
Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Шексіз махаббатымсыздар Қазақ елі", - деді Индира Расылхан.

Мұны көрген желі оқырмандары отаның сәтті өтуін тілеп, көптеген пікірлер қалдырды.

"Алла шипасын берсін", "Тезірек сауығып кетіңіз", "Ота сәтті өтсін", "Ауырмаңыз" деді олар.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
11
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel