RU
Ақтаудағы перзентхананың сиқы аяғы ауыр келіншекті шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаудағы перзентхананың сиқы аяғы ауыр келіншекті шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны қаладағы перинаталдық орталықтың ішіндегі нашар жағдайына шағымданды деп жазады "Лада" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Жас аналардың бірі тозығы жеткен жуыну бөлмесін видеоға түсірген. Санитарлық талаптарға сай келмейтін бөлмелер жас аналарды ғана емес, олардың туыстарын да шошытып отыр.

"Менің ойымша, қорқынышты кино түсіруге арналған тамаша локация. Видеодада көрінбегенімен қабырғалары көгеріп, бояулары түсіп қалған, міне, перзентханада осылай. Терезеде ешқандай тор жоқ, іші шыбынға толы. Антисанитарлық жағдайлар перзентхана әкімшілігінің немқұрайлығынан хабар береді", - деп ойлаймын деді босанушылардың бірінің анасы Нина Алешкина.

Босанушылар мен туыстарының шағымдарына қалалық перинаталдық орталықтың басшысы Ғалия Махимова жауап берді.

"Аталған жөндеу жұмыстары біздің мекемеде жыл сайын жасалып отырады, бірақ бұл жағдайда біз ғимараттың ескі екенін түсінуіміз керек. Біздің жұмысшылар жуыну бөлмелерін бояйды, бірақ бір аптадан кейін ылғалдылық салдарынан бояу түсіп қалады. Көгеруге келсек, көгеру жоқ", - деді Ғалия Махимова.

Сонымен қатар, шамамен 10 күннен соң 26-шағын аудандағы перзентханаға көшетіндерін, аналардың шағымына байланысты үшінші қабаттағы жуыну бөлмесін жауып, олар келесі қабаттағы жуыну бөлмеріне баратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
7
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel