Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбан айт 2019 Қазақстанда: тарих

Опубликовано:

Халықтың бірлігін сақтап қалу мақсатында дәстүрлерге және Жаратқанға құрмет көрсетудің маңызы зор. Сондықтан да Nur.kz барлық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Қайғы-қасірет сіздің үйіңізді айналып өтіп, жақындарыңыз әрқашан сау болсын! Қазақстандағы Құрбан айт тарихын еске түсірейік және осы мерекенің мәні неде екенін талдайық?

Құрбан айт 2019 Қазақстанда: тарих
Иллюстративное фото: pixabay.com: Getty Images

Құрбан айт қандай мейрам?

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы. Биыл Қасиетті мерекенің алғашқы күні тамыз айының 11 жұлдызына түсіп тұр. Оны Ораза айт-тан кейін жетпіс күн өткен соң, Зуль-хиджа күнтізбесі бойынша он екінші айдың оныншы күні атап өтеді.

Бұл күні Меккеге барған тәуапшылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға қалтасы көтермеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі - құрбандық шалады.

Шайтанға тас лақтыру: Қажылар үш жәмраттың әрқайсысына жеті тастан лақтырады. Олар осылайша Ибраһим пайғамбардың әрекеттерін қайталайды.

Құрбандық тек Алла разылығы үшін шалынады. Қажылық жасамаған адамдарға мереке алдында бір күн ораза ұстау ұсынылады. Мұсылман адам ерте тұрып, денесін тазартып, таза киім киіп, мешітке айт намазына аттанады. Айт намазын жамағатпен оқығаннан кейін құрбан шалу рәсімі басталады.

Намаз оқығаннан кейін адамдар топтарға бөлініп, көшелерді аралап, Аллаһқа мадақ айтады. Олар мешітке оралып, арнайы алаңға өтеді. Онда имам не үшін құрбан шалу керек екенін түсіндіреді.

Уағыздан кейін жағдайы келетіндердің барлығы құрбандық шалады. Қасиетті құрбан айт мерекесінде құрбанға төмендегідей мал түрлерін шалуға болады:

  • жеті айдан кіші емес еркек немесе ұрғашы кой;
  • екі жасқа толған сиыр;
  • бір жасқа толған ешкі;
  • бес жылдан асқан түйе.

Құрбандыққа ауру, көтерем немесе өте жас малды шалуға болмайды. Қой да, ешкі де өте мықты әрі жеткілікті семіз болуы керек. Бір жері кем, құйрығы кесілген, соқыр, немесе жарты құлағы жоқ малдарды да құрбандыққа шалмайды.

Құрбандық шалар алдында пышақты жақсылап қайрап алу керек, бірақ жануардың көзінше оны жасауға болмайды. Қойдың аяқтарын байлап, басын Мекке жаққа қаратады. Кейін тәкбір айтылып жануардың мойын тамыры кесіледі.

Мереке мақсаты — мейірімділік көрсету, Аллаһтың ұлылығын көрсетіп оған жақындай түсу, оның ризашылын алу үшін құрбан шалып, садақа тарату. Сондықтан жануардың еті үш тең бөлікке бөлінеді. Үштен бірі өзіне және отбасы үшін қалдырылады, екіншісі — мұқтаж туыстары мен көршілеріне беріледі, ал үшіншісі — сұраған, мұқтаж жандарға беріледі.

Құрбан болған жануардан пайда алуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Терісін де, мүйізін де, етін де сатуға болмайды. Мұның бәрін қолдануға немесе жай ғана беруге болады. Қасапшымен ет арқылы есеп айырылысуға болмайды. Егер ол кедей болса, етті садақа ретінде беруге болады.

Қазақстанда мерекелік күндер қыз-қуу және көкпар сынды ұлттық ойындарын ойнаумен өтеді. Адамдар қонақ шақырып, әр үйде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт мерекесі Қазақстанда: тарих

Аңыз бойынша, Құрбан айт мерекесін атап өтуді Мұхаммед пайғамбарымыз бастаған.

Ұзақ уақыт бойы Ибраһимде бала болған жоқ, тек 86 жасында оның Исмаил деген ұлы дүниеге келді. Аллаһ оны сынауға шешім қабылдады. Пайғамбар түс көреді, онда Жәррейіл оған "Аллаһ сенің жалғыз ұлыңды құрбан қылғаныңды қалайды" деген екен.

Ибраһим де, оның ұлы да Аллаһқа қарсы шыға алмаған. Құрбандыққа адйындалып жатқан кезде, Жәбрейіл оны шешімінен айнытпақ болған екен, сонда Пайғамбар оған тас лақтырып қуған екен.

Ибраһим ұлын құрбандыққа шалуға дайын болған кезде, Аллаһ пышақ Исмаилға зиян келтірмейтіндей етіп жасайды. Жәбрейіл Пайғамбардың қасына түсіп, құрбан ретінде қошқар ұсындған екен.Осылайша Жаратушы өзінің ұлылығы мен қайырымдылығын көрсеткен екен.

Қазақстан аумағында X-XIII ғасырлар аралығында Құрбан айт мерекесі тойланып, Орталық Азияда ислам діні тарала бастады.

Құрбан айт кезінде құрбан шалу - бұл жай ғана жануарды ет үшін өлтіру емес, бұл Аллаһ Тағалағаға жақындау ниеті. Әрбір мұсыцлман Аллаһ Тағала Ибраһим мен оның ұлына мейірімін көрсеткендей, өз туған-туысқандары мен жақындарына махаббат сыйлауы керек. Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Жомарт болыңыз және дәстүрлерді ұмытпаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809750-krban-ajt-2019-kazakstanda-tarih/

pixel