RU
Елімізде соңғы 40 жылда 2 миллионға жуық киік жойылған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде соңғы 40 жылда 2 миллионға жуық киік жойылған (фото)

Рассказать Вконтакте

Эколог мамандар сонау сексенінші жылдары Қазақстанда 2 миллионнан астам киік болғанын, бүгінде шамамен небары 300 мың бас қалғанын айтып дабыл қақты деп хабарлайды Тілші. 

Фото: Pixabay

Фото: Pixabay

Басылымның мәліметінше, елорда маңында киік санағын жүргізетін аппарат сынақтан өткен.

Каспий Құбыр Консорциумы тарту еткен ұшатын қондырғы айналаны шолып өтіп, жануарлар санының есебін жүргізетіні белгілі болды.

Шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен киік санын есептеуге арналған жабдықты қайырымдылық аясында тарту еткен Каспий құбырлар консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин қатысқаны хабарланды

"Киік басы санын аман алып қалу күн тәртібінде тұрған мәселе. Орман қорына да шабуыл жасалып келеді. Осы күресте жаңашылдықтарды пайдалануымыз керек. Табиғат аялаушылары таяуда киіктердің мойнына тағатын қарғыбау тарту етті. Жануардың қай бағытта қозғалатынын қадағалап отыру үшін таптырмас құрал", – деді министр.
Фото: tilshi.kz

Фото: tilshi.kz

Басылым қазіргі уақытта еліміздегі киік басының саны 334 мың шамасында екенін алға тартты.

Каспий Құбыр консорциумы бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдиннің сөзінше, 80-ші жылдары Қазақстанда 2 миллион киік болса, бүгінде олардың саны күрт азайып кеткен.

"Сондықтан, бұл іске ғалымдар да, эколог мамандар да, бизнес өкілдері де бір кісідей жұмылуы керек. Киік басы санының есебін жүргізетін мұндай аппараттар алдағы уақытта тағы алынатын болады. Мұндай аппараттар шет мемлекеттерде, соның ішінде көршілес Ресейде де кеңінен қолданылады", – деді ол.

Көрші елдерде жануардың осы түрі мүлдем жойылып кеткені белгілі болды.

Фото: tilshi.kz

Фото: tilshi.kz

Ұшу құрылғысы "Киелі киік" бірлескен бағдарламасы аясында Каспий Құбыр консорциумы қаражатына алынғаны айтылды.

"Қанатының ұзындығы 3 метрден асатын қондырғының салмағы 12 келі. Ол әуеде шамамен 5 сағатқа жық уақыт қалықтап, 90 шақырым жердегі көріністі фото, видеоға түсіре алады", - деді Қабылдин.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel