RU
Атамбаевты тұтқындау: Жээнбеков қауіпсіздік кеңесін жинамақшы

Атамбаевты тұтқындау: Жээнбеков қауіпсіздік кеңесін жинамақшы

Рассказать Вконтакте

Сегізінші тамызда түске дейін Қырғызстанның қауіпсіздік Кеңесінің отырысы болып өтпек. Мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков бұл шешімді Қой-Ташта орын алған оқиғаларға байланысты қабылдаған деп жазады 24.kg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сооронбай Жээнбеков. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі / Султан Досалиев

Сооронбай Жээнбеков. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі / Султан Досалиев

Жээнбековтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің отырысы жоспарланып жатқаны жөнінде президент әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.

Оған қоса, парламент депутаты Дастан Бекешев Жогорку Кенештің кезектен тыс шақыртылуына қол жиналып жатқанын жеткізді.

"Кезектен тыс отырысты ұйымдастыру үшін 40 адамның қолы керек. Жиналып жатқан сияқты. Таңертен санайтын боламыз. Шындығында, бұл үрдіске араласу мүмкін. Түк шықпай қалу да мүмкін" , - деп жазды ол Twitter парақшасына.

Айта кетейік, мемлекет басшысы өзінің қысқамерзімді демалысын үзіп, Бішкекке келуге мәжбүр болды.

Қазіргі таңда, құқыққорғау қызметкерлері Алмазбек Атамбаевты тұтқындау үшін оның үйіне екінші шабуыл жасауды ойластырып жатыр. Экс-президентті Қой-Ташқа өзге өңірлерден келіп жатқан жақтастары қорғап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel