Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі біледі": Жаңа клип ұсынған Ninety one жаһандық мәселелерді көтерді

Опубликовано:

"Мен емес" деп аталатын жаңа бейнабаяны арқылы көпшілікті шулатқан Ninety one тобы бір апатадан кейін тыңдармандарына кезекті туындысын таныстырды. Жігіттердің бұл жолғы клипі "Бәрі біледі" деп аталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видео Youtube желісіндегі NINETY ONE тобында жарияланды.

Әртіс жігіттер ән арқылы жаһандағы өзекті мәселелерді жеткізкізі келген.

Жаңа туындының мәтіні де соны аңғартады.

Онда бейбітшілікке шақыратын, барлық адам баласын сүюге үндейтін сөздер кездеседі.

Клипті көрген желі оқырмандары жігіттердің өнерін өте жоғары бағалап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

"91 тобы өз биігінен түскен емес", "Қазақстандағы үздік клиптің бірі", "Өте сапалы", "Жігіттерге тек табыс тілейміз", "Еңбек деп осыны айту керек", "Үлкен ұжымның жұмысы екені көрініп тұр", "Өте керемет, тіпті айтатын сөзім жоқ", - деді олар.

Бейнабаян санаулы сағат ішінде 330 мыңға жуық қаралым жинады.

Тыңдармандардың 62 мыңға жуығы клип "ұнады" деген батырманы басса, 900-ге жуығы жаңа туындыны ұната қоймаған.

Айта кетейік, Ninety one тобы 2019 жылдың 1 тамызында "Мен емес" деген бейнебаянын жариялады.

Клип бір аптаның ішінде екі миллионға жуық қаралым жинап үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810180-bri-biledi-zaa-klip-syngan-ninety-zaandyk-mselelerdi-kterdi/

pixel