Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жігіті Қытайда үздік модель атанды (фото)

Опубликовано:

Этникалық қазақ Сержан Бағдатұлы Қытайда үздік модель атанды деп хабарлайдық қытайлық kazakcnr.com сайтына сілтеме жасаған Қазақпарат.

Фото: kazakcnr.com
Фото: kazakcnr.com: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, Қытайда тұратын қандасымыз Сержан Бағдатұлы 2018 жылы Қытайдың Кайфың қаласында өткен мемлекеттік "Жұлдызды модельдер" бәсекесіне қатысқан.

Қытайдың әр облысынан сайдың тасындай іріктелген 60-қа жуық қатысушы арасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған.

Кескін-келбетімен Қытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы 191 см.

Фото: kazakcnr.com
Фото: kazakcnr.com: Depositphotos
"Сержан Бағдатұлы Шыңжаң әскери институтында білім алған. Ол кейін Ухань қаласындағы жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Қажырлы еңбек, үздіксіз талпынысының нәтижесінде Қытайдың үздік моделі атағына қол жеткізген.
Қазіргі күні Сержан - Шыңжаң сәнгерлер (модельдер) қоғамының мүшесі. Бүгінде ол Шыңжаңдағы түрлі модельдер бәсекесінде қазылық жасайтын, білікті маманға айналды. Сондай-ақ, әлеуметтік желіден жеке парақша ашып, осы салаға бейімі бар жастарға үздік модель болудың қыр-сырын да үйретіп жүр", - деп жазады CNR.
Фото: kazakcnr.com
Фото: kazakcnr.com: Depositphotos

Фото: kazakcnr.com
Фото: kazakcnr.com: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810333-kazak-zigiti-kytajda-zdik-model-atandy-foto/

pixel