RU

Көк-Төбе түтінге оранды: Алматыдағы тау бөктерінен өрт шықты (фото)

Алматыда Көк-Төбе жақтағы беткей өртке оранды. Төтенше жағдайлар комитеті тілсіз жау туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: ТЖК баспасөз қызметі: Facebook
"11 тамыз күні сағат 14:28-де "101"-дің Алматы қаласындағы бекетіне Медеу ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен Көк-Төбе телемұнарасынан бір шақырым жерде 1 гектар аумақты қамтитын тау бөктері жалынға оранған", - деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметі.
ааааа
Фото: ТЖК баспасөз қызметі: Instagram

Сонымен бірге, жақын маңдағы аймақтарға еш қауіп жоқ екені хабарланды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 қызметкері және өрт сөндіру техникасының 6 бірлігі, "Алматы тазалық" екі жұмысшысы және екі көлігі іске қосылған.
ааааа
Фото: ТЖК баспасөз қызметі: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810391-kk-tbe-ttinge-orandy-almatydagy-tau-bkterinen-rt-sykty-foto.html