RU
Ерлан Әукенов Алматы әкімнің орынбасары қызметінен кетті

Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Ерлан Әукенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Руслан Канабеков / bnews.kz

Фото: Руслан Канабеков / bnews.kz

2015 жылдан бері ол түрлі салаларға, соның ішінде кәсіпкерлік, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік етті.

Соңғы кезеңде жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты, қалалық ұтқырлықты арттыру мәселелерімен айналысты.

Ол басшылық еткен кезде Алматы қаласының көлік реформасы белсенді іске асырылды. Оның ішінде бір жылда автопарктердің жылжымалы құрамы 80%-ға жаңартылды, метрополитен үшін вагондардың жаңа құрамдары сатып алынды.

Аялдама кешендерінде электронды тақтайша орнату басталды, метрода сымсыз интернет пайда болды. 2018 жылдың күзінен бастап carsharing іске қосылды.

Троллейбус желілерінің байланыс-кабель желілерін жаңғырту процесі іске қосылды. Vision Zero Almaty жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша үш жылдық бағдарлама әзірленді және бекітілді.

Жол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру мақсатында Алматының барлық бағдаршам шаруашылығын жаңғырту басталды.

Әлеуметтік әл-ауқат бойынша мемлекеттік қолдаудың 13 шарасынан тұратын "Бақытты отбасы" көпбалалы аналарды қолдау бағдарламасы қабылданды.

Қаланың барлық 8 ауданында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықтар ашылды. Орталықтардың жұмысы аясында ағымдағы жылдың шілде айында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар күшейтілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін "қауіпсіз қалаға 21 қадам" бағдарламасы әзірленді, ол адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз қала құру үшін сервистік модельді және сандық технологияларды енгізуді көздейді.

Сондай-ақ, полицияның фронт-кеңселерін құру, Алматы қаласының бейне мониторинг жүйесін орнату жұмыстары басталды. "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel