RU
Тальгода зорланған бойжеткен қорғаушыдан неліктен бас тартқанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Тальгода зорланған бойжеткен қорғаушыдан неліктен бас тартқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Тальгода зорланған бойжеткен алғашқы минуттардан-ақ тергеушілер мен криминалистердің оған көмектесуге қауқарсыз болғанын айтты. Жәбірленушінің сөзінше, олардың басты мақсаты екі жақты татуластырып, істі жабу болатын. Оның қорғаушысының қалағаны да осы еді. Сол себепті ару одан бас тартуға мәжбүр болыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Тергеу барысында ол қорғаушының қызметтерінен бас тартуға мәжбүр болған.

"Менің бірініші қорғаушым тергеумен ынтықмақтастықта болған. О баста іс 120 баптың 1 бөлімі бойынша жүрді. Бұл кезде әңгіме тек 1 адам жайлы болады (яғни, зорлаушы тек 1 адам болған жағдайда, -ред.)

(...) Мені екі адам зорлады. Біріншісі жолсерік, ал екіншісі азаматтық киімде болды. Осындай дәлелдердің барына қарамастан, олар бәрібір 1 бөлім бойынша іс қозғады", - деп әңгімеледі жәбірленуші.

"Бұл сәтте біз Динамен хабарда болдық. (Таңсәрі - "Не молчи" қорының меңгерушісі, - ред.) Біз дау тудырғымыз келген жоқ. Маған бірден қорғаушыдан бас тартуға кеңес берілді.

Бір ай бойы бұл жайлы айтып керек пе деп ойландым. Мен бұл мәселені тыныш қана шешкім келмеді. Алайда ешқандай өзгеріс болмаған соң, жариялауыма тура келді.

Барлығы істің 2-бөлімге ауыспайтынын, менің айқайламағаным үшін зорлықтың болғанын айтқан соң, қорғаушыдан бас тарттым.

Олар маған ақша ұсынды. Мен бас тарттым. Мәселе - олардың жазалануында болды. Мен жеткілікті табыс табамын деп айта аламын. Олар маған менің екі айлық табысымды ұсынып, аузымды "жаппақшы" болды", - деп хабарлады ол.

Бойжеткен көлік прокуратурасына арыз жазу туралы шешім қабылдағанын айтты.

"Жағдай сараптама нәтижесі келгеннен кейін айтарлықтай өзгере бастады. Биологиялық сараптама келді.

Өйткені, 1 және 2 сотталушының қан тобы бірдей еді. Біріншісі бойынша бәрі көрсетілді, екіншісі бойынша - ештеңе анықталған жоқ. Геномдық сараптама келгенде, екіншісін көрсетіп берді. Сол кезде барлығы менің зорлықты дәлелдемек екенімді түсінді", - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол шабуыл жасаған кезде неге айқайламағанын айтқан болатын. Бойжеткен оны өзін зорлағандармен татуласуға итермелегенін де сөз етті. Айтуынша тергеу олардың жағында болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel