RU
Құқық қорғаушы: Қазақстанда күніне бес қыз бен екі бала зорланады
Жаңалықтар Қоғам

Құқық қорғаушы: Қазақстанда күніне бес қыз бен екі бала зорланады

Рассказать Вконтакте

"Не молчи" қорының өкілі, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі қыз-келіншектер мен балаларды зорлауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "дөңгелек үстелде" зорлыққа қатысты істерде шет қалып жатқан мәселелер жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay

Көрнекі сурет: pixabay

"Қыз-келіншектер мен балаларға қарсы зорлық әрекеттері тұрақты түрде болып жататыны біз үшін өкінішті. Қазақстанда күніне 5 нәзік жанды мен 2 бала зорланады. Бұл ІІМ қызметтерінен алынған ресми статистика", – дейді құқық қорғаушы.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлардың көбісі тіркелмей жатқанын алға тартты. Себебі, зорлықтың құрбаны болғандардың көбісі ол туралы тіс жармайды.

"Енді қоғамның үнсіз отырмайтын кезі келді. Зорлықтың құрбандары бастан өткен жағдайларын жайып салғанда халық дүр сілкінді. Зорлық қалыпты құбылыс саналатын әлемде тұрып жатқанымыз белгілі болды", – дейді Дина Таңсәрі.

Осының мысалы ретінде ол "Тальго" пойызында болған оқиғаны атап өтті.

"Бұл қыз жалғыз өзі көптеген адамға қарсы келді. Қызмет көрсету жүйесіндегі, құқық қорғау жүйесіндегі адамдарға қарсы шықты. Бұл өте қиын", – деді құқық қорғаушы.

Сіздің реакцияңыз
1
3
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel