Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ЖӘАЖ сарбаздары басшысына монша салғанын жайып салды

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының ЖӘАЖ сарбаздарының ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа жазған анонимді хабарламасы тарап кетті. Хатта авторлар өз басшысына шағымданған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Мади Бекмаганбетов / rus.azattyq.org
Көрнекі сурет: Мади Бекмаганбетов / rus.azattyq.org: UGC

Хат авторлары министрден Алматы облысының ЖӘАЖ командирі Медет Қамалбековке қатысты шара қолдануда сұраған.

Арнайы жасақ сарбаздарының айтуынша, Қамалбеков 2016 жылы қызметіне кіріскен сәттен бастап, жеке басын жақтырмағандықтан шамамен 15 адамды жұмыстан босатып, басқа бөлімдерге ауыстырып жіберген.

Сонымен қатар ЖӘАЖ қызметкерлерінің жазуынша, басшы жұмысқа тұрғызғаны үшін үш жаңа қызметкердің әрқайсысынан 100 мың теңгеден ақша алған.

Өткен жылы ЖӘАЖ командирі Сарқан қаласында қоғамдық монша салып, Талдықорғанда зәулім үй тұрғызған.

Оның үстіне, жұмыс күші ретінде ол сарбаздарды тартқан көрінеді.

Авторлардың жазуынша, құрылыста жұмыс істеуден бас тартып, өз қарсылығын білдіргендерді басшы жұмыстан қуылумен қорқытқан.

"Биыл ол жер сатып алды. Енді сол жерде ол қоғамдық монша салмақшы. Біздің білетініміз осы, оның өзге де қитұрқы әрекеттері көп" , - деді ЖӘАЖ қызметкерлері.

Министрлік анонимді хабарламаға қатысты қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810725-zaz-sarbazdary-almaty-oblysynda-bassysyna-monsa-salganyn-zajyp-saldy/

pixel