RU
Желіде Серік Ибрагимовтың квадроциклден құлап кеткен видеосы тарады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Желіде Серік Ибрагимовтың квадроциклден құлап кеткен видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Әнші Серік Ибрагимов Instagram парақшасында квадроциклден құлап түскен видеосын жариялады. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары өнер иесінің денсаулығына алаңдап, оған көлікті барынша абайлап тізгіндеуге кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған видеода шоу-бизнес жұлдызының есік алдында квадроциклді қатты айдап, нәтижесінде одан ұшып түскені көрініс тапты.

Роликтің соңында Ибрагимов көмектесу үшін бір адамның жүгіріп бара жатқанын аңғаруға болады.

Ал желі қолданушыларының бірі өнер иесінің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, оның тез сауығып кетуін тілесе, енді бірі керісінше, ессіз қылыққа бой алдырып, өз-өзіне зақым келтірген әншіні сынға алған.

"Көп құтырған бір жылар деген осы болар" , "Мақтаншақ, өз-өзіне зақым келтірдің" , "Абайламайсыз ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мен сіздің басты жанкүйеріңізбін, қатты алаңдаулымын" , "Әлін білмеген әлек" , "Мото лақтырып жіберіп, ақысын алған екен" , "Амансың ба? Сені басып кетпегені жақсы болды" , "Басы аман ба? Қатты алаңдап тұрмын, жерге құлап түсті ғой " , - деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel