RU

Әйгілі Тайсон марихуана шегуге айына 40 мың доллар жұмсайтынын жайып салды

Аңыз боксшы Майк Тайсон өзінің есірткі заттарға құмар екенін ешқашан жасырған емес. Күллі әлемге танымал спортшы марихуана шегуге айына 40 мың АҚШ долларын жұмсайтынын жайып салды деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әйгілі Тайсон марихуана шегуге айына 40 мың доллар жұмсайтынын жайып салды
Фото: Instagram / miketyson: Instagram

Bleacher Report басылымының жазуынша, бұл мәлімдемесін әйгілі боксшы өзінің Hot Boxin' бағдарламасында жасаған. Оған қоса, спортшы марихуананы жалғыз өзі ғана емес, достарының қасында ғана қолданатынын айтты.

Майк Тайсон 2017 жылы Калифорниядан каннабис өсіру үшін арнайа жер телімін сатып алды. Ол бұл шөп атаулысын 16 гектарға созылған жерде сеуіп өсірмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811098-jgili-tajson-marihuana-seguge-ajyna-40-my-dollar-zmsajtynyn-zajyp-saldy.html