RU
Жас жұбайларды малдың шикі етімен аластағандар жұртты таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жас жұбайларды малдың шикі етімен аластағандар жұртты таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жас жұбайларды дастарханның астына отырғызып, малдың шикі етімен аластағандар көпшіліктің қызу талқысына түсті. Жұрттың таңданысын тудырған видео kaz_stars парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Желіге тараған видеодан елуді еңсерген әйелдің екі жасты дастархан астына отырғызып, етпен аластағанын көруге болады.

Әйел видеода: "Алас, алас! Мың бәледен қалас!", - дейді.

Алайда желі қолданушылары мұндай салтты бұрын-соңды көрмегенін айтып, жарыса пікір қалдырған.

"Естімеген елде көп" деген осы шығар", "Мұндай салтты ешқашан естімегенмін", "Өкпемен адам ауырғанда аластайды. Қара қойдың өкпесімен", "Салтты ойдан шығара беретін болды ғой қазір".
"Өкпемен қағу" деген үйленген кезде жасалатын дəстүр емес. Адам қатты сырқаттанғанда, білетін тəуіп-молдалар ауру адамды өкпемен қағып, аластайды", "Екі ерлі-зайыпты өкпелесіп қалып, қайта қосылған сияқты".
"Не болса, соны жасап жамандық шақырып жүреді", "Мынадай салт қазақтарда жоқ-ау", "Бірінші рет көріп тұрмын" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
7
4
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel